fbpx

CAIDS (Дамуды зерттеудің Орталық Азия институты) мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 2021 жылдың 23 тамызында жазғы мектеп семинарын өткізді. Онлайн-шара осы мамандық бойынша әлеуетті студенттерге арналған «Халықаралық бизнес және стратегиялық сауда бақылауы» білім беру бағдарламасының таныстырылымына арналды. Білім беру бағдарламасы Еуропалық Одақтың гранттық қаржыландыру шеңберінде Халықаралық Ғылым және Технологиялар Орталығының (ISTC) қолдауымен жасалды.

Семинарға қатысушылар «Экономика» білім беру бағдарламалары тобының мемлекеттік грантының иегерлері болды. Іс-шараның модераторы, CAIDS институтының бас директоры Асхат Наметша білім беру бағдарламасының құрылымы және мазмұнымен таныстырды. Презентацияда ол мамандықтың өзектілігі, ол қандай құзыреттер беретіндігі және бағдарламаның түлектері қандай салаларда жұмыс істей алатыны туралы айтты.

Бельгияның Льеж университетінің еуропалық зерттеулер бөлімінің зерттеушісі Кәмшат Сағынбекова стратегиялық сауданы бақылау туралы баяндамасында оның қазіргі экономикадағы маңызына тоқталды. CAIDS институтының ғылыми директоры Ғалым Махмежанов семинар қатысушыларына «Халықаралық саудадағы шарттар теориясы» курсы туралы қысқаша ақпарат берді. Презентация барысында стратегиялық сауда бақылауындағы қазақстандық компаниялардың қызықты кейстері талданды.

Іс-шара модераторы өзінің қорытынды сөзінде магистратураның болашағы мен жаңа мамандық бойынша келешекте ашылатын PhD докторантурасы туралы қысқаша айтты.

#

No responses yet

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған