fbpx

Стратегиялық сауда бақылауы көптеген компаниялар мен мемлекеттік мекемелер үшін ең өзекті мәселелердің біріне айналды. Қазіргі уақытта сауданы бақылау саясаты қорғаныс және қос мақсаттағы тауарлардың экспортын елдің ұлттық мүдделеріне, сондай-ақ оның халықаралық міндеттемелеріне сәйкес қамтамасыз етуге бағытталған.

Стратегиялық саудалық бақылау бойынша сертификаттау бағдарламасы екі бағыттың: Халықаралық экономика мен халықаралық қатынастардың қиылысында әзірленді. Курс бағдарламасы сауда санкцияларын пайдалану, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қосарланған тауарларды қорғау және бақылау сияқты тақырыптарға қатысты.

Бүгінгі күні өңірде стратегиялық сауда саласындағы сараптамалық білімге сұраныс өсуде, мысалы, жеке секторда (сауда ережелерін сақтау), мемлекеттік басқаруда (лицензиялау және реттеу), сондай-ақ жоғары білім беруде (білім беру бағдарламаларын құру).

Бұл бағдарлама осы салада жаңа мамандар даярлауға мүмкіндік береді және тәжірибелі мамандарға өз білімдері мен құзыреттіліктерін жаңартуға көмектеседі.

Курс бағдарламасын Мемлекеттік басқару және жеке бизнес саласында практикалық тәжірибесі бар сарапшылар дайындады. Мақсат – мүдделі ұйымдарға тиісті заңдарды сақтауға көмектесетін экспорттық бақылауға жауапты болашақ мамандарды оқыту.